"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҮЛГІ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА УЛЬГИ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Түлектердің еңбекке орналасуы бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар.

06.05.2020

     Биыл мектебімізді 11 сыныптың бес түлегі аяқтаса,  9 сыныптың он тоғыз оқушысы негізі орта білімді аяқтайды. Әрбір түлектің мектеп қабырғасын аяқтаған соң өзі сүйген мамандығына түсіп, білікті маман атану кімде болмасын үлкен еңбекті қажет етеді. Адам мамандық таңдауда қателеспеуі керек. Себебі, ертең өз кәсібін сүймесе, одан білікті маман шығады деу қиын. Жылдың басынан бері мектеп бітіруші түлектерге мектеп психологтары Канашева А.Б. мен Оралова А.К. түрлі треннигтар өткізіп, сауалнамалар алып қандай оқушының қай мамандыққа әуес екендігін анықтаса, сынып жетекшілері «Не ексең соны орасың» «Мамандықтың жаманы жоқ» «Кәсіп түбі нәсіп» «Мен таңдаған мамандық» сынды сынып сағаттарын өткізсе, Мектебіміздің ардагер ұстазы Нұрмаганбетов Ж.О. түлектермен кездесіп өзінің мамандығы жайлы, жалпы адам болу қағидаттары жайлы сыр сұқбат жүргізді.

    Мектепте кәсіби бағдар беру бойынша арнайы стендттер, ақпарат бұрыштары жасақталған.

     Биылғы жылы қыркүйек, қараша, қаңтар, сәуір айларына «ашық есік» күндері жоспарланған. Соның ішінде Үлгі ауылындағы «Сафир Вeef», «Таймас» ЖШС мен Хадиев Эльдардың машина жөндеу цехы мен Үлгі ауылдық амбулаториялық пунктінде оқушыларымыз болып, өндіріс және мекмелердегі жұмыстармен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.  Шараға мектебіміздің 8-11 сыныпты ұл-қыздары қатысты.

     Әлемдегі пандемияға байланысты үстіміздегі жылдың наурыз айының 16 бастап елімізде төтенше жағдай енгізілгені белгілі. Осыған орай оқушыларымыз 4 тоқсанды қашықтықтан оқып жатыр. Бұл реттеде оқушыларымыз еліміздегі оқу орындар жайлы ақпаратты онлайн түрде танысып, ақпарат алуда. Аудандық білім бөлімі жіберген ақпараттармен дер кезінде танысып отырады. Онлайн режимінде Көкшетау Жоғары техникалық колледжі, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау Университетінің мамандықтарымен танысып ақпарат алды. Алдағы уақытта да аталмыш жұмыс өз жалғасын табады.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 06.05.2020 09:56
Құрылған күні: 06.05.2020 09:58

Текст