Қамқоршылық Кеңес отырысы 2019 жыл 12 наурыз
Хаттама №4
Қатысқандар: 13
Қатыспағандар: 1
Күн тәртібінде
1.Көктемгі қауіпсіздік пен су тасқыны жағдайында қауіпсіздіке ат салысу
2.Наурыз мерекесіне қатысып, көмек көрсету
Бірінші сұрақ бойынша Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі зейнеткер Акимбаева Қайыржан Құрмашевна сөз алып, көктем мезгілі қашанда су тасқаны болу ықтималдығы жоғары маусым екенін тілге тиек ете келіп, жыл өткен сайын табиғаттың мінезі тосын танытып жатқандықтан ауылдас ретінде Кеңес мүшелігі тарапынан сондай қиындық келсе көмек қолын сқзуға шақырды. Атап айтқанда мектептің маңы, Каримов көшесі су алу қаупі бар болғандықтан осы аумақтарға ауылдық округ пен мектептің төтенше жағдайларда,ы кезекшілерімен бірге кезекшілікке шығып, шығын бола қалған жағдай көмектесуге үндеді.
Екінші сұрақ бойынша мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі Құрмет Қанағат сөз алып жылдағы дәстүр бойынша мектебімізде ұлтымыздың ұлық мерекелерінің бірі Наурыз мейрамы келе жатқандығын аталмыш мерекенің жалпы оқушыларды отансүйгіштікке, салт дәстүрімізді дәріптеп сақтауда, ырымдар мен тиымдарды есте ұстап, дархан халқымыздың қаймағы бұзылмаған мәдениетін сақтау жолында маңызы зор екендігін атап өтті. Жыл сайын дәстүрге орай әр сынып жеке ауыл болып салт дәстүрімізден көріністер көрсетіп, домбырада күй тарытып, арқан тартып зор қуанышпен қарсы алады. Биылда осы үрдістен жаңылмай мереке аталып өтетіндіктен Кеңес мүшелеріне мерекеге қатысуға шақырды.
Шешім:
1.Су тасықыны қауіпсіздігі мен алдын алу шараларына қатысу
2.Наурыз мейрамын өткізіуге қатысу
Төраға: Куатов С.К.
Хатшы: Рахимова Д.Ж