Текст
«Балақай» жазғы лагері өз жұмысын
бастады.
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау қарсаңында Казгородок орта мектебі жанында «Балақай» жазғы лагері өз жұмысын ашты. Мерекелік шара мектептің акт залында өтті. Іс-шараны мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері
бастан-аяқ жүргізіп ұйымдастырды. Бастауыш сынып мұғалімдері жас пионерлер болып шығып өздерін «Жас ұлан» тобы ретінде таныстырды. Іс-шара басында тәрбие ісінің меңгерушісі Құрмет Қанағат сөз алып аталмыш мерекемен барша жиналғандарды құттықтады. Мереке барысында түрлі ойындар ұйымдастырылып сыйлықтар үлестірілді.