Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
2017 жылы 12 мамырда сағат 18.30-да елімізде жалпыұлттық ата-аналар жиналысының өткізілуіне орай Казгородок орта мектебінің акт залында да аталмыш ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа ата-аналар, ұстаздар, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері қатысты. Мектеп директоры Бекенова А.Б. ең алдымен сөз алып жиналыс күн тәртібімен танысытырып өтті. Күн тәртібі төмендегідей:
1. Мектепте «Мектепке жол», «Қайырымдылық» акцияларының ұйымдастырылуы. Баяндамашылар; тәрбие ісінің орынбасарлары Құрмет Қ, Нагуманова Г.К.
2. Демеушілік және қайырымдылық көмек. Баяндамашы: мектеп директоры Бекенова А.Б.
3. Қамқоршылық мектеп қызметі. Баяндамашылар: тәрбие ісінің орынбасарлары Құрмет Қ, Нагуманова Г.К.
4. Жаңа форматтағы ҰБТ. Баяндамашылар: оқу ісінің меңгерушілері Каженова С.Л. Бекенова Б.С.
Мектеп директоры Бекенова А.Б. демеушілік және қайырымдылық көмекке тоқталып, мектебімізге карта, глобус, жаңа жылдық шырша сыйлап, мұз айдынын құюда көмек қолын созып жүрген азаматтарға тоқталды. Оқу ісінің меңгерушілері жаңа форматтағы ҰБТ өтуі жайлы слайд-бейне баян арқылы түсіндірсе, мектеп психолгі Оралова А.К. суидцидтың алдын-алу шараларына тоқтала келе, бала тәрбиесіндегі ең басты тәрбиеші ата-ана екендігін, мектеп пен ата-ана бірлесіп жұмыс жасаса қандай да болмасын қиындықтан оқушыны құтқарып қалуға болатындығын айтты.