Жәрмеңке өтті жарқырап!
Мектебімізде 21 қаңтар күні көптен күткен жәрмеңке өтті.Ол жерде көптеген ұлттардың тағамдары қойылды, атап айтқанда: татар, орыс, корей, неміс халық тағамдары және қазақтың ұлттық тағамдары сатылды. Мектеп оқушыларпы аталған ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп өзімізді бір күн сатушы сезіндік. Санжар екеуіміз татар халқының тағамдарын саттық.Біздің жәрмеңкеге аудан әкімі Қиықов Асқар Мейрамбекұлы қатысты. Мектеп директоры Бекенова А.Б. келген қонақтарға мектебімізді таныстырып, мектеп мұражайын аралатты. Сонымен қатар ауыл тұрғындары, ұстаздар, оқушыларда келіп, өздеріне ұнаған тағамдарды сатып алды.
Жәрмеңкеде бәрі жақсы болды. Адамдар кішіпейлілік пен сыпайлылық, сыпайылықта болды. Қазақстан мемлекеті көп ұлттық мемлекет деп бекер айтпаса керек көп ұлтты мемлекет екенімізді тағы бір дәлелдегендей болдық. Бізге жермеңке қатты ұнады көңілді әрі де, белсенді жұмыс істедік.