1 қыркүйек-Білім күніне орай «Үлгі а.ЖОББМ» КММ-інде «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты тақырыпта салтанатты шара өтті. Іс-шараға Үлгі а/о әкімі Исмаганбетов М.К. Аудандық алқалық сайлау комиссия төрағасы Жомартов Ө.Ө. ата-аналар қатысты. Мектеп директоры А.Б. Бекенова алғаш сөз алып, жиналған қауымды мерекемен құттықтап, ұстаздарға еңбекте табыс, оқушыларға оқуда үздік болуларын тілеп, 1 сынып бүлдіршіндеріне білім арнасында сәттілік тіледі. Өзге қонақтарда ақжарма тілектерін жеткізді. Өз кезегінде 1 сынып бүлдіршіндері балғын бал тілдерімен тақпақтарын айтып, әндерін шырқады. «Алғашқы қоңырау» соғу құрметіне 1 а сынып оқушысы Құрмет Аңсар мен 11 а сынып оқушысы Ерланқызы Ақбөпе ие болды. Шара соңында барлық сыныптарда бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.