Текст
1 қазан– Халықаралық қарттар күні. Халқымызда «Қарты бар ел-қазыналы ел» деген аталы сөз бар. Еңбегінің зейнетін көрер мезгілде ол кісілердің әрқайсысына біз мейірім шапағатымыз бен көңілімізді бөлуге міндеттіміз. Бүгінгі мерекеге орай мектеп ұжымының ұйымдастыруымен мектбімізде ұзақ жыл ұстаздық еңбек еткен зейнеткер ұстаздарымыз бен мектептің ішкі сыртқы тазалығына жауапты болған ардагерлеріміздің басын қосып, мерекелік дастархан жайды. Шара барысында мектеп оқушылары өлең оқып, ән шырқап, би билесе, ауылдық МҮ меңгерушісі Үйісбек Табиғат өзінің ән шашуымен арнайы келіп, шараның көркін ашты.