Текст
25 қазан Республика күніне орай «Дебаттық қозғалыс» фракциясының жетекшісі, тарих пәні мұғалімі Сейтказин Д.Т. 9-11-сынып оқушылары арасында «Байқоңыр: бағымыз ба, сорымыз ба?» деген күрделі тақырыпта пікір-талас өткізді. «Үкімет», «Оппозиция» тараптары өз позициялары бойынша дәйекті дәлелдер мен аргументтер келтіріп, ойынның қызықты өтуіне ат салысты. Пікір-талас ойынында алғырлығымен көзге түскен командалар Алғыс хаттармен марапатталды.