Текст
Білім ордаларында соңғы жылдары оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысы өте жақсы жан-жақты дамуда. Оқушылар белсенділігіде артуда. Мектептегі көптеген іс-шаралар, жаңа идеялар, қарттарға көмектесу, қоғамдық жұмыстарға қатысу басында осы ұйым мүшелері тұр.
Мектебіміздің Президенті 10 а сынып оқушысы Шуленбаева Гүлназым облыс орталығында өткен Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару органдары және балалар ұйымдарының көшбашылары арасындағы "Мен-елімнің ертеңімін" облыстық форумына қатысып Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Б. Жүсіповтың атынан Сертификатпен марапатталды.