2011 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Парламент Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Яғни, дәл сол уақытта 1 желтоқсанды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні етіп белгіледі. Тәуелсіздікті армандаған бабаларымыздың тілегі 1991 жылы қабыл болып, 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып сайланған еді.
Егеменді еліміздің тұғырын нықтап, әлем елдерімен терезесі тең тұруына Елбасымыздың еңбегі ұшан теңіз. Президент күніне орай мектебіміздің барлық сыныптарында қашықтықтан «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» «Назарбаев человек – эпоха» тағы өзге тақырыптарда сынып сағаттары өткізіліп, елбасымыздың сындарлы саясаты, еліміздің ертең үшін еткен еңбегі тағы бір мәрте оқушыларымызға таныстырылып, ақпарт берілді.