Елбасымыз Нұрсұлтан
Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына байланысты атқарылған іс-шаралар
Казгородок ОМ
Күні кеше яғни қаңтар айының тоғызы күні сағат кешкі 19.00 де Мемлекет басшысы телеэфирде ел алдындағы 10 негізгі міндетті атады. Көзі қарақты, көкірегі ояу әрбір ел азаматы елбасы қойған міндеттер ел ертеңіне жасалған кезекті нық қадамдардың бірі екендігін бірден аңдағаны аян. Ал 10 қаңтар күні Жолдаудың толық мәтіні БАҚ да жарияланған соң Жолдаудың орындалуы жолында кезекті іс-шаралар жоспарланып, жүргізілді.
10 қаңтар күні елбасымыздың Жолдауда көрсеткен 10 негізгі міндетті ұстаздармен бірге талдап, ел ертеңі үшін жасалған кезекті керекті межелер екендігі айтылды. Мектеп директоры Бекенова А.Б. Президент
Жолдауы бойынша арнайы жауаптыларды бекітіп, мектепішілік жоспар бекітті. Барлық сынып оқушыларына Елбасы Жолдауының бейнематериялы көрсетіліп, талдау арқылы түсіндірілді. Мектебіміздің 1 қабатында орналасқан Елбасы Жолдауына арналған стенд жаңартылды. Мектеп директорының орынбасарлары Бекенова Б.С. мен Құрмет Қанағат Жолдау бойынша пікірлерін жазып аудандық білім бөлімінің сайтына жолдаса, Құрмет Қанағат өз пікірін аудандық «Жаңа дәуір» газетіне берді. Барлық сыныптарда сынып жетекшілері «Мақсат айқын, міндет нық» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді. Кітапханашы Ашубасарова Б.Д. арнайы кітап көрмесін ұйымдастырды. Өтікізген барлық іс-шараларға тәрбие ісінің меңгерушілері Нагуманова Г.К. мен Құрмет Қанағат жауапты болып бекітіліп, орындалуын қадағалады.
Тәрбие ісінің меңгерушілері: Нагуманова
Г.К.Құрмет Қанағат